Қоғам • 09 Ақпан, 2022

ТҮРКСОЙ-дың Бас хатшысы «Бостандық» сыйлығын алды

483 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

XXXVIII Сараево қысқы фестивалінің ашылуында ТҮРКСОЙ ұйымының Бас хатшысы Дүйсен Қасейіновке «Бостандық» сыйлығы берілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

ТҮРКСОЙ-дың Бас хатшысы «Бостандық» сыйлығын алды

ХХХVIII Сараево қысқы фестивалінің ресми ашылу салтанатында ТҮРКСОЙ ұйымының Бас хатшысы Дүйсен Қасейінов гуманизмге, мәдениетке, адам құқықтары мен бостандықтарына қосқан үлесі үшін «Бостандық» сыйлығымен (Слобода сыйлығы) марапатталды.

XXXVIII Сараево қысқы фестивалінің ресми ашылу салтанаты 7 ақпан күні Босния және Герцеговина Қарулы Күштері армиясының үйінде өтті.

 

в

Сараево фестивалі 1984 жылдан бері өткізіліп келе жатыр, сондай-ақ фестивальдің биылғы ұраны «Менің жаңа жолы өнерім» деген атаумен өткізіліп жатыр.

Іс-шаралар 21 наурызға дейін жалғасады. Фестивальдің ашылуына Сараево жоғары музыка мектебі, Ескі Яйче қаласының рыцарлары, Сараево музыкалық мектебінің жас әртістері, фестивальдің виолончельшісі және мәдениет елшісі Белма Алич қатысты.

Сондай-ақ, фестиваль Балқан аймағының түкпір-түкпірінен жиналған мәдениет және өнер қайраткерлерінің басын қосты. XXXVIII Сараево қысқы фестивалінің құрметті қонағы ретінде Түркі мәдениеті халықаралық ұйымының (ТҮРКСОЙ) Бас хатшысы Дүсен Қасейінов қатысты.

Фестивальдің ашылу салтанатында Халықаралық бейбітшілік орталығы 10 желтоқсан Дүниежүзілік адам құқықтары күні аясында гуманистік, мәдениет пен құқықты дамытуға ерекше үлес қосқан тұлғаларға «Бостандық» сыйлығын табыс етті.

ТҮРКСОЙ ұйымының Бас хатшысы Дүйсен Қасейінов өз сөзінде 10 желтоқсан Дүниежүзілік адам құқықтары күні мерекесіне орай 28 жылдан бері беріліп келе жатқан бұл маңызды марапаттың өзі үшін ерекше маңызды екенін айтып, қабылдау комиссиясы мен ұйымдастыру комитетіне алғысын білдірді.

«Бұл жоғары марапаттың XXXVIII Сараево қысқы фестивалінің ресми ашылуында табысталғанына өте қуаныштымын. Сараево фестивалі Босния және Герцеговинадағы ең танымал, беделді және дәстүрлі фестивальдердің бірі, сондай-ақ, ТҮРКСОЙ ұйымы Балқан түбегінде жұмыс істей бастағанына да 7  жыл толды.

Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, осы марапатқа ие болу жолында әрқашан менімен бірге болған, моральдық және материалдық қолдау көрсеткен тұлғаларға, түркі республикаларының мәдениет және өнер қайраткерлеріне шынайы алғысымды білдіргім келеді», деді Бас хатшы.

10 желтоқсан Дүниежүзілік адам құқықтары күніне орай Сараево халықаралық бейбітшілік орталығы (IPC) 28 жыл бойы табыстап келе жатқан «Бостандық» сыйлығының лауреаттары арасында Хорватияның бұрынғы президенті Иво Йосипович, Мьянма саясаткері Аун Сан Су Чжи, британдық Гарри Поттердің авторы Джоан Кэтлин Роулинг, ЮНЕСКО-ның 10-шы бас директоры Ирина Бокова, Рим Папасы Франциск және Ангела Меркель бар.