Тағайындау • 09 Ақпан, 2022

Алтай Көлгіновтің жаңа орынбасарлары тағайындалды

327 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Елорда әкімінің жаңа орынбасарлары тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алтай Көлгіновтің жаңа орынбасарлары тағайындалды

Президент Әкімшілігінің келісімі бойынша меритократия қағидатына сәйкес қала әкімнің орынбасарлары болып Сарыарқа ауданының бұрынғы әкімі Есет Байкен мен Есіл ауданының бұрынғы әкімі Берік Жәкенов тағайындалды.

Есет Байкен еңбек жолын Астана қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасында жетекші маман қызметінен бастады. Әр жылдары Астана әкімі аппаратының әлеуметтік-мәдени сала бөлімінің бас маманы, Астана әкімі аппаратының бас инспекторы, Ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің басшысы болып жұмыс істеді.

2016-2019 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігі басшысы хатшылығының сарапшысы, ҚР ПӘ Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы, Қарағанды облысы Нұра ауданының әкімі, Нұр-Сұлтан қаласы әкімі аппаратының басшысы лауазымдарын атқарды. 2020 жылдан бастап Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа ауданының әкімі болып жұмыс істеді.

Берік Жәкенов еңбек жолын 2000 жылы Көкшетау қаласының Салық полициясы органдарынан бастады. 2002-2007 жылдары Теміртау қаласы бойынша Салық комитетінің жетекші және бас маманы қызметтерін атқарды. Сондай-ақ әр жылдары Қарағанды облысының әкімдігінде, Қаржы министрлігінде қызмет атқарған.

2015 жылы Президент Әкімшілігі Басшысының Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары болып тағайындалды. 2016 жылдан бастап Нұр-Сұлтан қаласы әкімі аппаратының басшысы лауазымын атқарды, 2019 жылдан бастап Нұр-Сұлтан қаласы Есіл ауданының әкімі болып жұмыс істеді.

Елорда әкімі Алтай Көлгінов орынбасарларына қаланы жүйелі дамыту жөнінде бірқатар міндет жүктеді.

Бұған дейін Алтай Көлгіновтің орынбасары болған Асхат Оралов пен Асқар Әмрин басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметтерінен босатылды.