![Трансферттер көздеген нысанына жетуі шарт](/media/2022/02/10/zhana-kazakhstan.jpg)
Коллажды жасаған Зәуреш Смағұл, «ЕQ»
Басты мақсат – әрбір өңірдегі негізгі әрі ең өзекті деген мәселелерге қаржы жетуі керек. Сенат қабырғасындағы депутаттар да өңірлерден сайланған, әрбір аймақтың мән-жайын, жағдайын, халықтың тұрмыс-тіршілігін жақсы біледі. Сондықтан біздің жұмыс тобымыз өте жоғарғы деңгейде қызмет етуде.
Негізгі мақсатымыз республикалық бюджеттен бөлінетін трансферттердің көздеген нысанына жетуі болып отыр. Бұл – негізгі сипаттағы трансферт, одан кейін мақсатты трансферттердің өңірлерге бөлінетін көлемі де аса маңызды мәселе қатарында.
Мысалы, әр өңірдің әртүрлі проблемалары бар. Атырау өңірінде ауыз суға, экологияға және жолға қатысты мәселелер бар. Батыс Қазақстан облысында электр энергиясына қатысты түйткілдер байқалады. Оңтүстік өңірлерде халық санының өсуіне байланысты мектептердің құрылысына қажетті қаражат керек. Біз осы қаржының тиісті өңірдегі өзекті мәселелерді шешуге жұмсалуын қадағалау үшін жергілікті атқарушы органдармен, министрліктермен бірлесіп жұмыс тобын құрдық және олармен жұмыс істеп жатырмыз.
Серікбай ТРҰМОВ,
Сенат депутаты