Спорт • 10 Ақпан, 2022

Ақ жол, Аманқұл!

170 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақтың танымал былғары қолғап шебері Әбілхан Аманқұл кәсіпқой рингте күш сынасуды құп көріп, отандық Suleimen Promotion промоутерлік компаниясымен келісімшартқа отырды.

Ақ жол, Аманқұл!

Ә.Аманқұл – даңқты Жамбыл бокс мектебінің түлегі. Ол жастайынан әйгілі бапкер Нұрлан Ақүрпековтің қол астында жаттықты. 2016 жылы Павлодарда 19 жастағы жас өрен ересектер арасында ел чемпионы атанғаннан кейін ұлттық құрама командасының жейдесін киіп, түрлі халықаралық жарыста елеулі табыстарға қол жеткізді. Атап айтсақ, 2017 жылы Гамбургте өткен әлем чемпионатында күміс медальды мойнына ілді. Аталған жарыста Аманқұл кубалық Арлен Лопес пен әзербайжандық Камран Шахсуварлы сынды атақты бокс­шылардан басым түсті. Алайда финалда ол украиналық Александр Хижнякқа есе жіберді. Сол жылы Азия біріншілігінде қола жүлдені иеленсе, 2018 жылғы Азия ойындарында күміспен күптелді. Одан бөлек «Астана Арландары» сапында Дүниежүзілік бокс сериясының (WSB) жеңімпазы атанды. Былтыр Токиода алауы тұтанған Олимпия ойындарына қатысып, ширек финалға дейін жетті.

Соңғы жаңалықтар

Баға тұрақтылығы – басты назарда

Экономика • Бүгін, 08:55

Жаңатастағы жойқын дауыл

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Ырысын ізденіспен еселеген

Еңбек • Бүгін, 08:43

Медалі көп чемпион

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Дүбірлі дода басталды

Олимпиада • Бүгін, 08:35

Сегіз Олимпиадаға қатысқан

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Кешенді қолдау құжаты

Білім • Бүгін, 08:25

Бір сайыста – бес алтын

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:20

Сағадағы сатира кеші

Тағзым • Бүгін, 08:10