Ересектер өз бәсекелерін аяқтаған бетте жарыс жолына балғын таэквондошылар шықты. Біздің жас өрендеріміздің табысы тіптен қомақты болды. Олар 15 жүлде алып, барша жанкүйердің ыстық ықыласына бөленді. Атап айтсақ, Әлібек Нұрғазы (45 кило) мен Арайлым Арапбай (52 кило) алдына жан салмай, алтын тұғырға көтерілді. Әлішер Ақби (59 кило), Әлтайыр Өмірбеков (73 кило), Нұрай Қазыбек (52 кило) және Әлия Қайыркенова (49 кило) күміс медальды мойындарына ілсе, Данияр Дәулетов (45 кило), Жансерік Мұқанәлі (48 кило), Сағыныш Берікзатұлы (59 кило), Ерасыл Орынбасар (73 кило), Карина Толоконникова (46 кило), Аружан Әбдіқадыр (49 кило), Әлмира Қанат (55 кило), Асылай Айдар (55 кило) және Екатерина Сватовская (63 кило) қолаға қол созды.
Таэквондодан Біріккен Араб Әмірліктерінің (БАӘ) Фуджейро қаласында өткен Fujairah Оpen турнирінде Қазақстанның құрамасы 1 алтын, 3 күміс, 2 қоланы иеленгені жайында біз бұған дейін баяндағанбыз.
Жаңа тариф жергілікті халыққа тиімді
Табиғат • Бүгін, 17:48
Қарағанды облысында алты жасар бала өзенге батып кеткен
Төтенше жағдай • Бүгін, 16:22
Анасы түрмедегі ұлына телефон кіргізбек болған
Қоғам • Бүгін, 15:45
Семейде 22 жастағы жігітті азаптап өлтірген күдікті 12 жылға сотталды
Қылмыс • Бүгін, 15:20
Қар, көктайғақ және тұман: Қазақстанда ауа райы күрт құбылуы мүмкін
Ауа райы • Бүгін, 14:52
Роза Рымбаева жаңа атаққа ие болды
Мәдениет • Бүгін, 14:10