Теннис • 10 Ақпан, 2022

Александр Бублик Роттердам турнирінің екінші айналымына шыға алмады

170 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның бірінші, әлемнің 31-ракеткасы Александр Бублик Роттердам ATP 500 турнирінің екінші айналымына шыға алмады, деп жазады Egemen.kz.

Александр Бублик Роттердам турнирінің екінші айналымына шыға алмады

Бублик алғашқы айналымда әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасы, «Үлкен дулыға» турнирлерінің үш мәрте чемпионы, қазір рейтингте 95-орында тұрған ұлыбританиялық Энди Марреймен шеберлік байқасты. Ұлыбританиялық теннисші тартысты матчта 7:6 (8:6), 6:4 есебімен жеңіске жетті. 

А.Бублик 1 сағат 43 минутқа созылған бәсеке барысында 10 эйс жасап, 4 брейк-пойнттың біреуін ғана пайдаланды. Маррей 10 эйс, 2 брейкпен (9 брейк-пойнт) көзге түсті. Э.Маррей ширек финалға шығу үшін әлемнің 9-ракеткасы, канадалық Феликс Оже-Альяссиммен таласады. 

А.Бублик өткен апта финалда әлемнің 3-ракеткасы, германиялық Александр Зверевті ұтып, Монпелье ATP турнирінің жеңімпазы атанған еді. Бұл жолы жүлде қоры 1,2 млн еуродан асатын Роттердам жарысының алғашқы айналымынан аса алмады.