Оқиға • 10 Ақпан, 2022

Павлодар облысында жол апатынан жүргізуші қаза тапты

167 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Павлодар облысында жол апатынан жүргізуші қаза тапты. Жол апаты 9 ақпан күні сағат 17.05-те орын алған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Павлодар облысында жол апатынан жүргізуші қаза тапты

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Екібастұз қаласынан шыққан кезде «Тоyоtа Aristo» автомашинасының 28 жастағы жүргізушісі Павлодар – Қызылорда  автожолының 123-124 км-ге қозғалып, рульді басқара алмай, бөлгіш бағанға соғылған.

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. 2000 жылы туған жолаушы мен 2020 жылы туған  сәби жарақатпен ауруханаға жеткізілді», деп хабарлады Павлодар облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.

Аталған факті бойынша тексеру жүргізілуде.