21 Наурыз, 2014

Қызылорданың Қазалы ауданында тазалық мәселесі қолға алынды

509 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
21-03-MashunaҚызылорда облысының Қазалы ауданында тазалық мәселесі қолға алынды. Бұл туралы аудан әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. Бізге келіп түскен ақпарға қарағанда, аталған ауданда соңғы кезде тазалық мәселесіне басымдық берілген. Жел тұрса әп сәтте шаңы аспанға көтерілетін өңірге «Dong Feng»  автокөлігі жеткізіліп, кент көшелеріндегі қоқысты жинай бастады. Әрі ол бір мезетте тазаланған жерге су бүркіп өтеді екен. 21-03-NayrizБұл  ауданда шағын және орта бизнесті дамыту мәселесі де назардан қағыс қалмаған. Аудан әкімі Бахыт Жахановтың жетекшілгімен өткізілген арнайы жиында осыған қатысты жұмыстар пысықталып, жауапты тұлғаларға заң шеңберінде жұмыс істеу қажеттігі міндеттелді. Осы орайда, кәсіпкерлердің алаңсыз жұмыс істеуіне басымдық берілгенін атап өткен жөн. Тағы бір жағымды жаңалық, аудандағы іргелі шаруашылық «РЗА» АҚ-ның ірі қара өсіру кешені базасында шетелдік технологиямен қидан биогаз өндіру ісі қарастырылуда. Сондай-ақ, күріш сабанынан брикет дайындау қажеттігі туындап отыр. 21-03-KonsertЕрте көктемнен ағаш отырғызып, айналаның сәнін келтірген қазалылықтар Әз Наурыз мерекесінде қайырымдылық шараларын өткізуді де естен шығармады. Сол сәттің бірінде әлеуметтік қызметкерлер қамкөңіл балаларға сыйлықтар табыс еткен болатын. Ал орталық алаңда шырқалған ән мен күмбірлеген күй ұлттық ұлық мерекенің сәнін келтіріп, жиналған жұртшылықтың көңілін көкке самғатты. Әмірхан Алмағанбетов. Дереккөз: Қазалы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі. Фото: Қазалы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.