Тағайындау • 10 Ақпан, 2022

Жамбыл облысының жаңа ПД басшысы тағайындалды

786 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы болып Арманбек Баймурзин тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жамбыл облысының жаңа ПД басшысы тағайындалды

«ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша Ішкі істер министрінің бұйрығымен Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы болып Арманбек Баймурзин  тағайындалды», делінген хабарламада.

Жаңа ПД бастығын жеке құрамға Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев таныстырды.

Арманбек Хакимбекұлы Баймурзин 1974 жылы дүниеге келген, ішкі істер органдарында 1992 жылдан бастап қызмет атқарады. 2004-2012 жылдары ҚР ІІМ Криминалдық полиция комитетінің басқарушылық лауазымдарында қызмет етті.

Әр жылдары Жамбыл облысы Ішкі істер департаменті бастығының бірінші орынбасары, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Криминалдық полиция департаментінің бастығы, 2019 жылдың қазанынан бастап осы уақытқа дейін Ақмола облысы Полиция департаментінің бастығы қызметтерін атқарды.