Қоғам • 10 Ақпан, 2022

Тергеу изоляторларынан негізсіз ұсталған 96 адам босатылды

245 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Бас прокурорының орынбасары Ерлік Кененбаев қаңтар оқиғасы бойынша прокуратура органдарына түскен шағымдар мен олардың қалай қаралып жатқанын баяндады, деп жазады Egemen.kz.

Тергеу изоляторларынан негізсіз ұсталған 96 адам босатылды

«12 қаңтарда Алматы прокуратурасы заңсыз қамауда отырған қаланың 24 тұрғынын босатты. Аталған факті бойынша арнайы прокурор тергеу жүргізуде. Прокурорлар уақытша ұстау изоляторларынан негізсіз ұсталған 96 адамды босатты. Сонымен бірге әрекеттерінің ауыр болмауына байланысты 92 адамды бұлтартпау шарасы өзгертілді. Ұсталған адамдарға қатысты құзыретті асырып пайдалану, өлім, азаптау фактілері бойынша істер тергеліп жатыр. Бұл сипаттағы 133 қылмыстық іс тергелуде. Барлық істердің обьективті өтуі үшін процессуалдық прокурорлар белгіленді. Ұсталған тұлғаларға медициналық көмек қамтамасыз етілді. Қазіргі таңда қамауда отырған және ұсталған 27 адамға қажетті медициналық көмек көрсетіліп отыр», деді Бас прокурордың орынбасары Ерлік Кененбаев.