«Қолданыстағы саяси шешімнің негізінде Ресей мен Қазақстанның денсаулық сақтау министрліктері вакциналау сертификаттарын тану тәртібін келісті. Жеке деректерді, медициналық құпияны және т.б. ақпаратты қорғауды қамтамасыз ету мақсатында цифрлық агенттіктер жұмысқа қосылды», деді ол.
Дипломат 2021 жылдың соңында Қарағандыда ресейлік «Спутник V» вакцинасының өндірісі басталғанын және вакцинаны зерттеудің оң нәтижелері алынғанын атап өтті.