Нұр-Сұлтанда эпидемиологиялық ахуал тұрақталып келеді. Өткен аптамен салыстырғанда қалада аурушаңдық 2,8 есеге төмендеді. Бұл туралы қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері Сархат Бейсенова мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Өткен аптамен салыстырғанда аурушаңдық 2,8 есеге, яғни 100 мың тұрғынға шаққанда 749,0-ден 260,6-ға дейін төмендеді. Соған қарамастан қала коронавирустың «қызыл»аймағында тұр», деді Бейсенова.
Алайда қалада үй карантинін бұзғандар саны көбейген.
«Жыл басынан бері Ashyq жүйесіне тіркелген нысандарға келушілер арасында 60 400-ден астам адамның үй карантинін бұзғаны анықталды. Оның ішінде 6 300-ден астам адамның жүйеде «қызыл» статусы болған, яғни коронавируспен ауырып жүрген адамдар», деді Бейсенова.
Биылғы жылы 6 мыңға жуық оқушыдан коронавирус табылды.
«Жыл басынан бері 5 929 бала коронавирус жұқтырды, оның ішінде 365 бала офлайн форматта білім алған. 3 345 оқушы онлайн форматта оқыған, 2 219 бала демалыс кезінде инфекция жұқтырған», деді ол.
Айта кетері, елордада өткен тәулікте 305 адамнан коронавирус анықталған. Ал жыл басталғалы 83 917 адамнан Covid-19 табылды. Оның ішінде 79 127 жағдай қаңтарда тіркелді. Сархат Бейсенова мұны коронавирус жұқтыру бойынша рекордтық айлық көрсеткіш деп атады.
«Жыл басында науқастардың көп болуына байланысты науқастардан алынған 51 оң сынамаға секвенирлеу жүргізілді, нәтижесінде «омикрон» штамы коронавируспен ауыратын 70,6-дан астам астаналықта анықталды. Ал қалған 29,4%-інен «дельта» штамы табылды. Елордада омикрон штамы басым болып тұр», деді қаланың бас санитар дәрігері.
Алматы әкімдігінің құрылымы өзгерді
Аймақтар • Кеше
Оқиға • Кеше
«Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі AMANAT медиа сыйлығын иеленді
Егемен Қазақстан • Кеше
Мәдениет қызметкерлерінің жалақысы өседі
Қоғам • Кеше
Тоқаев Си Цзиньпин ұсынған Жаһандық қауіпсіздік бастамаларын қолдады
Президент • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев инфляцияның өсуі өзекті мәселе екенін атап өтті
Президент • Кеше
Ұлттық банк рубльдің нығаю себебін түсіндірді
Экономика • Кеше
Петропавлда Қазақстан полициясының құрдасы қызмет етеді
Аймақтар • Кеше
Парламент • Кеше
ШҚО тұрғындарынан мина мен қару тәркіленді
Аймақтар • Кеше
Бүгін әлемде 400 мыңға жуық адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • Кеше
Президент ФИДЕ-нің ең жас чемпионы Малика Зиядинді құттықтады
Президент • Кеше
Антикор Нұрлан Мәсімов туралы мәлімет үшін сыйақы жариялады
ANTIKOR • Кеше
Аймақтар • Кеше
Екібастұз тұрғыны есірткімен ұсталды
Аймақтар • Кеше
Футболдан Қазақстан құрамасы ФИФА рейтингінде көтерілді
Футбол • Кеше
АрселорМиттал Теміртаудағы апатқа жұмыс беруші кінәлі - комиссия
Қазақстан • Кеше
Алматыда жоғалған жасөспірім өлі табылды
Оқиға • Кеше
Еуропада коронавирус жұқтырғандардың саны артты
Коронавирус • Кеше
Әлем • Кеше
Көкшетауда контрабандалық темекі өнімдері тәркіленді
Оқиға • Кеше
Alibaba желісінде Қазақстанның ұлттық платформасы ашылды
Қазақстан • Кеше
Әлем • Кеше
Ұқсас жаңалықтар