Қазақстан • 10 Ақпан, 2022

Қазақстанның бірнеше өңірінде дауыл болады

479 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еліміздің бірқатар өңірлерінде дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанның бірнеше өңірінде дауыл болады

«Қазгидромет» РМК ақпараты бойынша, 11 ақпанда Ақмола облысының батысында төменгі бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман түседі. Күндіз оңтүстік-шығыстан соққан жел облыстың оңтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с жетеді. Облыстың шығысында-тұман, көктайғақ. Оңтүстік-шығыстан батысқа ауысатын жел, облыстың солтүстігі мен орталығында екпіні 15-20 м/с жетеді,

Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, батысында көктайғақ, солтүстігінде тұман күтіледі.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман, күндіз облыстың батысында-төмен бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз батыста, облыс орталығында екпіні 15-20 м/с жетеді. Облыстың оңтүстігінде, шығысында - тұман. Оңтүстік-шығыстан соққан жел, облыстың солтүстігі мен батысында - екпіні 15-20 м/с,

11 ақпан күні күндіз Қызылорда облысының басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, орталығында тұман, күндіз көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан батысқа ауысатын жел таңертең және күндіз солтүстікте, облыс орталығында 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.

Түнде Маңғыстау облысының солтүстігінде, оңтүстік-шығысында көктайғақ күтіледі.

Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктерінде тұман түседі. Күндіз оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен - облыстың солтүстігінде 15-20 м/с жел тұрады. 12 ақпанда облыстың басым бөлігінде қар жауып, боран соғады. Оңтүстік-шығыстан жел 11 ақпанда күндіз облыстың оңтүстік - батысында, батысында екпіні 15-20 м/с, 12 ақпанда желдің басым бөлігі 15-20 м/с, облыстың оңтүстік-батысында, батысында екпіні 23-28 м / с жетеді.