2014 жылы Alstom Нұр-Сұлтан қаласында шығарылатын 40 Prima T8 AZ8A ауыр салмақты локомотивтерін қоса алғанда, 288 млн еуро сомасына 50 электровоз жеткізуге келісімшартқа қол қойды. Prima T8 локомотиві – аймақтық темір жол қатынасын дамытуға ықпал ететін әлемдегі ең қуатты электровоздардың бірі. Электровоздардан басқа, Әзербайжанға рельстер де жеткізіледі.
Қазақстан – Еуропаны, Таяу Шығысты, Азия мен Ресейді жаңа Жібек жолы арқылы байланыстыратын маңызды көлік торабы. Ұзындығы шамамен 21 мың шақырым болатын Қазақстанның темір жол желісі әлемдегі көлемі бойынша үшінші желі және техникалық қызмет көрсету жұмыстары үшін маңызды нарық болып саналады. Сонымен қатар Қазақстанның Әзербайжанмен өзара саудасы 2021 жылы 332,2 млн долларды құрады, бұл 2020 жылмен салыстырғанда 3 есе жоғары. Жалпы, Қазақстаннан Әзербайжанға экспорты 2021 жылы 3,4 есе өсіп, 287,9 млн долларды құрады. 2021 жылы Қазақстанға Әзербайжаннан импорт 77,3%-ға өсіп, 44,4 млн долларды құрады.
Өңделген тауарлар экспортын белсенді ілгерілету үшін Сауда және интеграция министрлігі қазақстандық өндірушілерге экспорттық акселерация бағдарламасы, Alibaba платформасына шығару, сауда-экономикалық миссиялар арқылы жан-жақты қолдау көрсетеді, сондай-ақ толық консультациялық-сараптамалық қолдау көрсетеді. 2022 жылы экспорттық акселерация бағдарламасы аясында қазақстандық өндірушілер мен қызмет көрсетушілердің Әзербайжан нарығына шығуы жоспарланған. Аталған құрал қосымша экспорт көлемін арттыруға, сондай-ақ жаңа қазақстандық тауарларды Әзербайжанға шығаруға мүмкіндік береді.
Айта кетелік, «Экспорттық акселерация» бағдарламасы Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2020 жылы іске қосылды және экспорттық әлеуеті жоғары тауарлар мен қызметтерді жылдам ілгерілетуге бағытталған. 2021 жылдың қорытындысы бойынша «Экспорттық акселерация» бағдарламасы аясында сыртқы нарыққа 130 жаңа ойыншы шығарылды.