Ломбардтар өз клиенттерінің күдікті әрекеттері мен олардың операцияларының кейбір аспектілеріне ерекше назар аударуы керек. Күдікті операцияларға бір тұлғаның зергерлік бұйымдарды немесе басқа да құндылықтарды кейіннен өтеусіз жүйелі түрде беруі, мүліктің әртүрлі түрлерін кепілге қойып, ломбардтардан несиені жиі алуы, объектінің шарттық және нақты құнының айқын сәйкессіздігі жатады.
Заңсыз жолмен алынған қаражаттың айналымына жол бермеу мақсатында Қаржылық мониторинг агенттігі ломбардтардың өз клиенттерінің шекті және күдікті операциялары туралы ақпаратты хабарлау міндетін еске салады.
Өткен жылдың қорытындысы бойынша қаржылық операциялар туралы хабарлама жібермейтін бірқатар ломбардтар анықталды.
Мұндай ломбардтардың тізбесі агенттіктің ҚМС WEB-порталында орналастырылады және заңнамада белгіленген тиісті шараларды қабылдау үшін Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне (бұдан әрі – ҚНРДА) жолданады. 2018-2020 жылдары ҚНРДА микроқаржы ұйымдарына 93 тексеру, оның ішінде ломбардтарға жүргізді. 17,3 млн теңге сомасына айыппұл салумен 43 әкімшілік хаттама толтырылды. Аталған жұмыс алдағы уақытта да күшейтілетін болады.
Кірістерді жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы заңнама талаптарын сақтамаумен байланысты келеңсіз салдарларды жою мақсатында, агенттікке қаржылық операциялар туралы хабарлау міндеттілігін еске саламыз. Сондай-ақ агенттікке ақпарат беру талаптарын бұзу немесе ақпаратты жасыруға араласу микроқаржы қызметін жүзеге асыруға берілген лицензиядан айыру үшін негіз болуы мүмкін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауапкершілікке әкеп соғатынын атап өтеміз.