Оқиға • 11 Ақпан, 2022

ШҚО-да жолда қалған 50-ден аса жолаушы құтқарылды

227 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шығыс Қазақстанда авариялық-құтқару жұмыстары жүргізіліп, 50-ден астам адам эвакуацияланды, деп хабарлайды Egemen.kz Semeynews.kz сайтына сілтеме жасап.

ШҚО-да жолда қалған 50-ден аса жолаушы құтқарылды

ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 10 ақпанда Сұлусары ауылы тұсында вахта жұмысшыларын тасымалдайтын автобус сынып, жолда қалған. Автобус ішінде жұмысшылар болған.

ӨБ-32 қызметкерлері Кунг көлігімен оқиға орнына жетіп, аудандық полиция бөлімі және жергілікті атқарушы органмен бірлесіп 53 адамды Қалбатау ауылына эвакуациялады және жұмысшылар сол жердегі спорт мектебіне орналастырылды.