Промоутердің айтуынша, Андраденің Жәнібекпен рингте кездеспеуіне DAZN платформасының жекпе-жекті тікелей эфирден көрсеткісі келмегені де себеп болыпты-мыс.
«Біз әрекетсіз отыра бермейміз ғой. Төмен деңгейлі кездесулерді ұдайы ұйымдастыра беруге болады. Телеарналардың басшыларының орнына өзіңізді қойып көріңізші. Сіз Андраде мен Әлімханұлы арасындағы шайқасты басты жекпе-жек ретінде көрсетер ме едіңіз? Әрине, жоқ. Одан бөлек Деметриуске қазір орта салмақта бақ сынау оңай емес. Өте көп салмақ қуады. Сол себепті біз жаңа бір жоспар ойлап табуға тиіс болдық», дейді ол.
Деметриус Андраде алдағы айлардың бірінде WBO тұжырымы бойынша екінші орта салмақтағы әлемнің уақытша чемпионы Зак Паркермен қолғап түйістірмек.