Теннис • 11 Ақпан, 2022

Джокович тағы бір додадан тыс қалуы ықтимал

437 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әлемдік рейтингтің көшбасшысы, сербиялық теннисші Новак Джокович Индиан-Уэллс додасына коронавирусқа қарсы вакцина алмауына байланысты қатыспауы мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.

Джокович тағы бір додадан тыс қалуы ықтимал

Деректерге зер салсақ, сербиялық теннисші турнирге қатысатын спортшылардың тізіміне енген. Алайда ол АҚШ-қа ұшып барған кезде мәселе туындауы ықтимал. Өйткені спортшы коронавирусқа қарсы вакцина алуға түбегейлі қарсы. Негізі турнирге вакцина алмаған спортшыларға қатысуға рұқсат берілген. Бірақ, АҚШ-та шекарадан өту кезінде қатаң бақылау бар екенін ұмытпаған ләзім. Джоковия вакицна алмауына байланысты бұған дейін Australian Open додасынан тыс қалған болатын.