Тағайындау • 12 Ақпан, 2022

Алматы қаласы әкімінің орынбасары тағайындалды

906 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Алматы қаласы әкімінің орынбасары қызметіне Арман Қырықбаев тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматы қаласы әкімінің орынбасары тағайындалды

Ерболат Досаевтың жаңа орынбасары1976 жылдың 20 қазанында Целиноград қаласында туған. Қазақ мемлекеттік басқару академиясының, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық Академиясының түлегі. Мамандығы – халықаралық экономист. Мемлекеттік қызметте, мәдениет және жастар саясаты саласында 25 жылдан астам еңбек етен.

Арман Қырықбаев еңбек жолын 1996 жылы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің референті, атташесі ретінде бастаған. 1997-1999 жылдары-Қазақстан Республикасының Өзбекстандағы елшілігінің атташесі, 1999-2000 жылдары-Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің үшінші хатшысы, кейін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі ТМД істері комитетінің екінші хатшысы болған. 2002-2004 жылдары – «ABE корпорациясы» ЖАҚ Стратегия және маркетинг департаментінің директоры, 2004-2005 жылдары – «К-МАРТ» ЖШС Бас директоры. 2005 жылы Медеу ауданы әкімінің орынбасары, 2005 жылдан 2006 жылға дейін Алматы қаласы жастар саясатын дамыту мемлекеттік қорының директоры, 2006 жылдың сәуірінен 2008 жылдың ақпанына дейін Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Қоғамдық-саяси жұмыс және жұртшылықпен байланыс департаментінің директоры болып еңбек еткен. 2010 жылдың қаңтарынан 2012 жылдың ақпанына дейін Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат Министрлігі Мәдениет комитетінің төрағасы, Қарағанды облысы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған.

Ол 2012-2014 жылдары Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрі болып жұмыс істеді. 2014-2015 жылдары Nur Otan партиясы төрағасы бірінші орынбасарының кеңесшісі болған. 2015 жылдың қазанынан 2019 жылдың шілдесіне дейін Алматы қаласы әкімдігінің ішкі саясат, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, жастар саясаты, тілдерді дамыту және басқа да мәселелер жөніндегі орынбасары қызметін атқарды. Кейінгі уақытта Nur Otan партиясының хатшысы болып еңбек етті.