«Malaysia Airlines» әуе компаниясының жоғалған Boeing-777-200 ұшағы Австралияның оңтүстік-шығысындағы Үнді мұхитының акваториясынан табылды. Бұл туралы ИТАР-ТАСС хабарлады.
Биылғы 8 наурыз күні жоғалған бұл ұшақ туралы әртүрлі болжам айтылып келген еді. Сол соңғы ақпарлардың бірінде ұшақтың Вьетнамға қарасты Тхо-Чу аралынан 300 шақырым жерде, яғни солтүстік-батыстағы Камау мүйісінде апатқа ұшырағаны туралы болжам айтылған. Кейін әуе лайнерінің Үнді мұхиты үстімен ұшып өтіп, Австралия жағалауына беттегені белгілі болды. Осыған орай іздеушілер өздерінің назарларын солай қарай аударған болтын. Ақырында сол жорамал дұрыс шықты.
Малайзия премьер-министрі 24 наурыз күні іздеу жұмыстарының қазірге дейінгі нәтижесі бойынша мәлімдеме жасап, жоғалған ұшақтың қаңқасы табылғанын жеткізді. Ол осы уақытқа дейін айтылғандардың бәрі болжам ғана екеніне тоқталып, лайнердің Австралияның оңтүстік-шығыс қапталындағы Үнді мұхитына құлағанын растады.
Еске сала кетейік, наурыздың 8-іне қараған түні Малайзияның астанасы – Куала-Лумпур қаласынан ұшып шыққан «Боинг» арада екі сағаттай уақыт өткенде, бақылаушы радардың назарынан тысқары қалып қойған болатын. Содан бері оны қайтып көрген ешкім болған жоқ. Тек бақылаудан кетіп қалған ұшақтың әуеде тағы жеті сағаттан астам уақыт ұшып жүргені ғана белгілі болған. Енді, міне, оның қайда барып, қайда құлағаны анықталып отыр. Малайзия премьер-министрі оған қатысты кеңірек мәліметтің бүгін жүргізілетін баспасөз мәслихатында айтылатынын сөз етті.
Жалпы, жоғалған ұшақта 227 жолаушы, 12 экипаж мүшесі, барлығы 239 адам болған еді. Өкінішке қарай, солардың бәрінің апат құрбандығына ұшырағандары енді айғақталып отыр.
Малайзия үкіметі марқұмдардың отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады.
Әмірхан Алмағанбетов.
Дереккөз: ИТАР-ТАСС.
Фото: www.Ctv.by.

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында қандай мәселелер қаралады?
Парламент • Бүгін, 10:54
Алматылық азамат алимент төлемдерін азайту мақсатында көлігін туысының атына рәсімдеген
Алматы • Бүгін, 10:48
Конгода Эбола індеті өршіп барады: науқастар саны 808-ге жетті
Әлем • Бүгін, 10:35
Трамп Иранмен жасалған келісімнің негізгі шарттарын жариялады
Әлем • Бүгін, 10:16
Футболдан әлем чемпионаты: Бүгін кімдер алаңға шығады?
Футбол • Бүгін, 10:11
Павлодар облысында үш жасар қызын азаптап өлтірген әке өмір бойына сотталды
Оқиға • Бүгін, 09:54
Елімізде бес айда 3 мыңнан астам есірткі қылмысы анықталды
Қылмыс • Бүгін, 09:39
Қазақстан азаматтарының жеке деректерін сатқан халықаралық топ ұсталды
Оқиға • Бүгін, 09:34
Telegram мессенджері уақытша бұғатталды
Әлем • Бүгін, 09:28
Бүгін 1 долларды қанша теңгеге сатып алуға болады?
Қаржы • Бүгін, 09:19
АҚШ президенті Ливан туралы мәлімдеме жасады
Әлем • Бүгін, 09:11
Спорт • Бүгін, 09:10
Рекорд • Бүгін, 09:05