Қысқы спорт • 13 Ақпан, 2022

Ақ Олимпиада: Абзал Әжғалиев жүлдеге таласады

722 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бейжіңде өтіп жатқан Қысқы Олимпиада ойындарында топқа түскен шорт-трек шеберлері ішінен Абзал Әжғалиев финалға жолдама алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақ Олимпиада: Абзал Әжғалиев жүлдеге таласады

500 метр қашықтықта жарыс жолына Абзал Әжғалиевпен бірге Денис Никиша шыққан болатын. Бірінші болып топқа түскен Денис Никиша жартылай финалды төртінші орынмен аяқтап, В тобындағы финалға өтті. Тиісінше ол жүлдеге таласа алмайды. Екінші болып жарыс жолына шыққан Абзал Әжғалиев екінші нәтиже көрсетіп, ақтық сынға жолдама иеленді. Енді Абзал Әжғалиев Олимпиада ойындарының жүлдегері атануға күш салатын болады.