Шынында да тауарды шикізат күйінде емес, оны өңделген тауар ретінде сатқан кезде қосымша құн салығы бірнеше есе артатыны белгілі. Ел Президентінің тапсырмасымен өткен жылы «Өнеркәсіп саясаты туралы» арнайы заң қабылданған. Осы заңның шеңберінде өнеркәсіпті дамытуға қолдау көрсету, өнеркәсіпті қамтамасыз ету мәселелерінің бәрі қаралған.
Жеңіл өнеркәсіп саласы да кешегі Одақтың кезіндегі Қазақстан Республикасының ішкі жалпы өнімдегі үлес салмағы 17 пайызды құраған. Бүгінгі таңда жеңіл өнеркәсіптің ішкі жалпы өнімдегі үлес салмағы 1 пайызға жетпей отыр. Бұған қатысты бірнеше рет Парламенттік тыңдау өткізілген. Парламенттік тыңдаудың қорытындысы бойынша Үкіметке ұсыныстар да жіберілді. Өкінішке қарай, ұсыныстардың барлығы қағаз күйінде қалып келе жатыр.
Әлімжан ҚҰРТАЕВ,
Сенат депутаты