Оқиға • 14 Ақпан, 2022

Стати ісі: Қазақстанның талап-арызы Нью-Йорк штатының сотына қайтарылды

316 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Нью-Йорк Федералды соты Қазақстан Республикасының Нью-Йорктегі қаржыгер Дэниел Чапмэнге және оның Argentem Creek («Чапмэн») компаниясына қарсы молдовалық олигархтар Анатол мен Габриэль Статидің кең ауқымды алаяқтық схемаларындағы рөлі үшін, оның сот ісін қабылдамау әрекеттеріне қарамастан, жалғасады деп шешті, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Әділет министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Стати ісі: Қазақстанның талап-арызы Нью-Йорк штатының сотына қайтарылды

2022 жылғы 11 ақпанда АҚШ Округтік соты (Нью-Йорктің Оңтүстік округі):

  1. Қазақстанның Чапмэнге қарсы талаптарын олар берілген Нью-Йорк штатының сотына қайтару туралы өтінішін қанағаттандырды;
  2. Чапмэннің Қазақстан талаптарын қабылдамау туралы өтінішін, талап қоюшының талап қою құқығын сақтай отырып, қабылдамай тастады;
  3. Чапмэннің Outrider талаптарын қарастырмау туралы өтінішін қабылдамады;
  4. Чапмэннің Outrider талаптарын ХСП-дағы төрелік тәртіпте қарауды мәжбүрлеу туралы өтінішін қанағаттандырды.

«Бұл – Қазақстан үшін өте маңызды жеңіс. Ол Чапмэнге қарсы сот ісін бастапқыда берілген сотта қарауды жалғастыруға мүмкіндік береді. Нью-Йорктегі талап-арызда анықталғандай, Чапмэн Статидің алаяқтығын шамамен 2012 жылы анықтаған, алайда оған қарсы құқықтық шаралар қолданудың орнына ол Қазақстанды және басқа да тұлғаларды алдау мақсатында Статимен заңсыз сөз байласқан.

Статидің алаяқтығы – анықталған факт. Ол Брюссель апелляциялық сотының 2021 жылғы қарашадағы шешімімен расталды. Онда сот Статидің Қазақстанға қарсы төрелік талқылауға дейін, оның барысында және одан кейін де алаяқтық әрекеттер жасады деген қорытындыға келді.

Нью-Йорк сотының бұл шешімі АҚШ федералды сотының Чапмэннің Статидің алаяқтығына қатысуы үшін жауапкершіліктен жалтару әрекетін қабылдамаған екінші жағдай. 2021 жылы наурызда АҚШ-тың Колумбия округтік соты Чапмэннің Нью-Йорктегі сот процесіне тыйым салу туралы өтінішін қабылдамады. Бұл ретте Вашингтон соты Чапмэннің сот Қазақстанның Стати алаяқтық жасады деген айыптауы мәні бойынша шешім шығарғаны туралы жалған мәлімдемесін қабылдамады», делінген Әділет министрлігі таратқан хабарламада.

Жақында тағайындалған Қазақстан Республикасының Әділет министрі Қанат Мусин бұл шешімге келесідей түсініктеме берді:

«Нью-Йорк сотының бүгінгі шешімі Қазақстанның сыбайлас  жемқорлыққа қарсы және Стати мен оның сыбайластарын  жауапкершілікке тарту жөніндегі жалғасып жатқан әрекеттеріндегі қуантарлық оқиға болып табылады. Енді Чапмэннің Стати алаяқтығына қатысқандығы АҚШ сотында толығымен ашылатын болады».

Бұл шешімге қазір Қазақстан Премьер-министрінің кеңесшісі, бұрынғы Әділет министрі Марат Бекетаев былай деп түсініктеме берді:

«Соңғы екі жыл ішінде Чапмэн америкалық соттардың Қазақстан (және Outrider компаниясы) берген талап-арыздарын мәні бойынша қарауын тоқтатуға және/немесе кейінге қалдыруға барынша тырысты. Біз америкалық соттардың – алдымен Вашингтонда, ал қазір Нью-Йоркте – бұл әрекеттерді қабылдамағанына және енді сот біздің талаптарды одан әрі қарайтынына қуаныштымыз».

Бұған дейін хабарланғандай, 2021 жылғы 16 қарашада Брюссель апелляциялық соты Стати төрелікке дейін, оның барысында және одан кейін де алаяқтық әрекеттер жасады деген қорытындыға келді. Атап айтқанда, Бельгия соты Статидің Қазақстанға инвестициялары жосықсыз жасалды деп қаулы етті.