Қоғам • 14 Ақпан, 2022

Қазақстанда 70 мың азамат ішкі істер органдарының есебінде тұр

393 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Заңға қайшы әрекет жасаған 70 мың қазақстандық ішкі істер органдарының есебінде тіркеуде тұр. Бұл туралы ҚР ІІМ баспасөз хатшысы Әйгерім Оразәлиева мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда 70 мың азамат ішкі істер органдарының есебінде тұр

«7-13 ақпан аралығында «Профилактикалық бақылау» атты республикалық жедел профилактикалық шара өтті. Осы уақыт аралығында ішкі істер органдарының есебінде тұрған 70 мың азамат тұрғын мекен-жайы бойынша тексерілді.

Оның ішінде 5 мың мерзімінен бұрын шартты түрде босатылған азамат бар,  мың азаматқа әкімшілік бақылау бекітілген және жазасын қоғамнан алшақтамай өтеу белгіленген 20 мың азамат бар. Жедел шара нәтижесінде 2 мыңнан астам адамның заң бұзғаны анықталды және 4 азаматқа қатысты әкімшілік бақылауға бағынбағаны үшін сотқа дейінгі тергеу амалы жүріп жатыр», деді Әйгерім Оразәлиева министрлікте онлайн өткен баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ, брифинг барысында азаматтардың теріс қадамға бару себептері айтылды.

«Сот шешіміне сәйкес заңды бұзған мерзімінен бұрын шартты түрде босатылған 19 адам кері қайтарылды. Сонымен қатар ішкі істер органдарының тіркеуінде тұрған 76 азаматтың қайда жүргені анықталды. Адамдардың құқық бұзуының негізгі себептері, ішімдік ішу, жұмыссыздық, құқықтық сауатының төмендігі және болған істен сабақ алмау. Осы орайда мәселені шешу жолында ішкі істер органдарының мамандарымен қатар жергілікті атқарушы органдардың, үкіметтік емес ұйым және қоғамдық ұйымдардың өкілдері іске тартылды», дейді ол.

Оның айтуынша, 600 сотталушыны еңбекпен қамту үшін халықты әлеуметтік қорғау бөлімінде ресми хат жіберілді.