25 Наурыз, 2014

Манеж

354 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Өскеменде Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова атындағы жеңіл атлетика манежі пайдалануға берілді. DSC_4440 DSC_4464 Оның тұсаукесер рәсіміне өңір басшысы Бердібек Сапарбаев, Лондон Олимпиадасының чем­пионы Ольга Рыпакова, «Қазатом­өнеркәсіп» ұлттық компаниясы басқарма төрағасының орынбасары Сергей Ящин, Спорт және денешынықтыру істері жөніндегі агенттік төрағасының орынбасары Сәрсен Құранбек, еліміздің жеңіл атлетика федерациясының вице-президенті Алексей Кондрат, жеңіл атлетика бойынша бас бапкер Вячеслав Сокирко, 2013 жылғы «Қазақстан барысы» Айбек Нұғымаров қатысты. Халықаралық талаптарға сай келетін спорт кешені «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық ком­па­ния­сының демеушілігімен салынды. Жалпы сыйымдылығы 650 жанкүйерге жететін еліміздегі бірегей спорт нысанында 60 және 200 метрлік жүгіру жолдары, биіктікке және қарғып секіру секторлары, сондай-ақ спорт­шылардың көпсайысқа дейінгі жеңіл атлетиканың барлық түрі бойынша жаттығатын алаңдар бар. «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық компаниясы аталған нысанды салуға 700 млн. теңге бөлді. Манежде күніне 60 спортшы екі кезекке бөлініп жаттыға алады. Спорт нысанының ашылу салтанатында XVІІ Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, әйгілі желаяқ жерлесіміз Ғұсман Қосанов атында жасөспірімдер мен қыздар арасында ашық біріншілік өтті. Аталған жарысқа облыс спортшыларымен қатар, Павлодар, Қарағанды және Алматы облыстарының командалары қатысты. Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан». ӨСКЕМЕН.