Әлем • 14 Ақпан, 2022

Польшада омикронның жаңа түрлері анықталды

229 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Польшада омикрон штамының екі жаңа түрі анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz Polskie Radio 24 басылымына сілтеме жасап.

Польшада омикронның жаңа түрлері анықталды

Бұл туралы елдің денсаулық сақтау министрінің орынбасары Вальдемар Краска мәлімдеді.

«Коронавирус күнделікті өмірімізден оңай кетпейді. Менің ойымша, белгілі бір әдеттер, біз үйреніп қалған ережелер, арақашықтық, дезинфекция, маска бізбен мәңгілік болмаса да біраз уақыт бірге болуы керек», деді Краска.

Сонымен қатар министр Польшада анықталған барлық коронавирус жұқтыру дерегінің 96 пайыз омикрон штамы екенін айтты.

Польшада пандемия басталғаннан бері 5,4 миллионнан аса адам коронавирус жұқтырған, 108 мыңнан аса науқас қайтыс болды.