25 Наурыз, 2014

Вашингтон штатында жоғалғандар саны 176-ға жетті

234 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

0-USA-24-03-14

Американың Вашингтон штатында 22 наурыздан бастап орын алған лайсаң көшкінінен кейін 176 адамның жоқ болып кеткені мәлім етілді. Бұл туралы «Газета.Ру» хабарлады. Бұған дейін хабар-ошарсыз кеткендер саны 108 екені атап көрсетілген болатын. «Жағдай өте ауыр.  Әлі де топырақ үйінділер астынан тірі адамдар алып шығамыз деген үмітіміз бар. Алайда, ашығын айтайық, сенбі күні аршып алған жерлерімізден бірде-бір тірі адам таппадық», - деді жергілікті өрт күзетінің бастығы Трэвис Хотс. Лай топырақ көшкіні 22 наурыз күні Сиэлдің сол жағында басталды. Нөсерлетіп жауған жауыннан пайда болған тасқын Стилагуамиш өзенінің бір тармағын жауып тастап, топан болу қаупін туғызды. Сондықтан билік өзен бойындағы қауіп төнген аудандар тұрғындарын басқа жақтарға көшіруді жеделдетіп қолға алды. Осы кезге дейін 30 елді мекен үлкен бүліншілікке ұшырап, оларда 14 адамның қаза тапқаны айтылып отыр. Мұрат Айтқожа. Дереккөз: Газета.Ру. Фото: AP Photo/The Seattle Times.