Қоғам • 15 Ақпан, 2022

Нұр-Сұлтан - Абу-Даби бағытында жаңа әуе рейсі ашылды

280 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2022 жылғы 14 ақпанда Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен «Wizz Air Abu Dhabi» әуе компаниясының арасындағы бірлескен мәлімдеме аясында Қазақстан Республикасы мен Біріккен Араб Әмірліктерінің астаналары арасында жаңа тұрақты рейс ашылды, деп жазады Egemen.kz.

Нұр-Сұлтан - Абу-Даби бағытында жаңа әуе рейсі ашылды

«Wizz Air Abu Dhabi» әуе компаниясының Нұр-Сұлтан – Абу-Даби бағытындағы рейстері санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуе компаниясының сайтында жарияланған кестеге сәйкес аптасына 2 рет, дүйсенбі және жұма күндері орындалады.

Бір бағытқа билеттің бағасы 20 евродан басталады.