Футбол • 15 Ақпан, 2022

Питер Крауч чемпиондар лигасының фавориттерін атады

422 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Футболдан Англия ұлттық құрамасының бұрынғы шабуылшысы Питер Крауч осы маусымда чемпиондар лигасында қай командалардың топ жаруы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz championat.com-ға сілтеме жасап.

Питер Крауч чемпиондар лигасының фавориттерін атады

«Қазіргі кезде ағылшын клубтарының кәрі құрлықта үстемдік құрғанын барлығымыз көріп-біліп отырмыз. Соңғы үш жылда екі рет ағылшындық финалды тамашалағанымыз баршаңыздың жадыңызда шығар. Осы маусымда да ағылшындық командалардың финалы болса, таңғаларлық ештеңе жоқ. Англия клубтарынан өзге жеңіске лайықты командаларды көріп тұрған жоқпын. «Ливерпуль» мен «Манчестер Сити» - менің түсінігімде чемпиондар лигасының фавориттері. «Челсидің» де мүмкіндігін жоғары деп есептеймін. Ағылшындық клубтардан тек қана «Манчестер Юнайтед» командасына күмәнім бар.  

Өзге елдердің клубтарынан «Баварияны» атауға болады. Роберт Левандовский мүмкіндіктерін мүлт жібермейтін мерген футболшы екенін бәріміз білеміз. Германиялық команданың ойын үлгісін, футболшыларының жылдамдығын ескерсек, мүмкіндіктері жоғары. Испанияның «Реалы» қай кезде де жеңістен үмітті. Алайда жоғарыда мен айтқан командаларға қарағанда мүмкіндігі аздау. «ПСЖ» футбол клубында жұлдыздар жеткілікті. Алайда олар бір мақсаттың айналасында ұйымдаса ала ма? Әңгіме сонда», дейді Крауч өз ойымен бөлісіп.