Қазақстан ұлттық стендінде Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қостанай, Түркістан және Павлодар облыстарынан, сондай-ақ Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларынан 20 өндіруші компания болды. Көрмеде бал өнімдері, кондитерлік және макарон өнімдері, ұннан жасалған және кондитерлік өнімдер, алкогольсіз сусындар, шырындар мен сыра, балмұздақ, өсімдік майлары ұсынылды. Сондай-ақ жеміс-көкөніс өнімдерін өндіретін және өңдейтін компаниялар өз өнімдерін таныстырды. Көрме барысында қазақстандық компаниялардың ресейлік және басқа да отандық өнімді сатып алушылармен 200-ге жуық В2В келіссөздері, соның ішінде Ресей мен басқа да елдердің федералдық және аймақтық сауда желілерімен келіссөздері жүргізілді.
Қазақстандық өнімдерді сатып алушылар арасында еліміздің май өнімдері: сары май, маргарин және т.б. үлкен қызығушылық тудырды. Ресейлік және халықаралық трейдерлер үшін екінші аса көп қызығушылық тудырған тауар қазақстандық балмұздақ болды. Сондай-ақ қазақстандық алкогольсіз сусындарға, шырындарға, сыраға, жаңа піскен, жаңа мұздатылған және қайта өңделген көкөністер мен жемістерге, жеміс-жидек езбесіне, ұнға, макарон өнімдеріне, сондай-ақ бал, сүт және кондитерлік өнімдерге сатып алушылар баса назар аударды.
Қазақстандық компаниялардың «ПРОДЭКСПО» көрмесіне қатысуын экспорттаушыларды сервистік қолдау шеңберінде экспортты мемлекеттік қолдаудың бірыңғай операторы «QazTrade» компаниясы қамтамасыз етті. 2021 жылы экспорттаушыларды сервистік қолдау іс-шаралары аясында қазақстандық өндірушілер қол қойған экспорттық келісімшарттар сомасы шамамен 279,6 млн долларды құрады. 2021 жылдың қорытындысы бойынша отандық тауар өндірушілердің экспорттаушыларды сервистік қолдауға бағытталған тікелей бюджеттік шығыстарының әрбір 1 теңгесіне табысы 329,6 теңгені құрады.