Қысқы спорт • 16 Ақпан, 2022

Бейжің-2022: Қазақстандық шаңғышы мәрені 43-ші болып кесіп өтті

669 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Бейжің Олимпиадасында ерлер арасында тау шаңғысынан жарыстар басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бейжің-2022: Қазақстандық шаңғышы мәрені 43-ші болып кесіп өтті

Аталған сында ел намысын Захар Кучин қорғады. Ол жарыс қорытындысы бойынша мәре сызығын 1:03,68 көрсеткішімен 43-ші болып кесті. Қазақстандық аталған жарыс түрінен бірінші орынға ие болған австриялық Йоханнес Штрольцтан 9.76 минутқа кешігіп келді.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Кучин тау шаңғысынан алып слалом бойынша бірінші кезеңде мәреге жете алмай жарыс жолынан шығып қалған болатын. Бұл оның Бейжің Олимпиадасындағы соңғы жарысы. Енді, екінші іріктеу кезеңі Нұр-Сұлтан уақытымен 11:45-те басталады.