Қоғам • 16 Ақпан, 2022

ЖОО оқытушыларының жалақысы өседі

643 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев мәдениет саласындағы қызметкерлердің әлеуметтік пакетін жақсартуға уәде берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

ЖОО оқытушыларының жалақысы өседі

«Әрине, саланың ең өткір мәселелерінің бірі - мәдениет ұйымдары қызметкерлерінің әлеуметтік пакеті. Мәдениет ұйымдарының лауазымдық жалақыларына «ұлттық» мәртебесі бар 1,75 коэффициенті түрінде қосымша ақылар мен үстемақылар әзірлеу қажет», деді Дәурен Абаев ведомствоның кеңейтілген алқа отырысында.

Сондай-ақ оның айтуынша, шығармашылық жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамы мен концертмейстерлерінің жалақы мөлшеріне назар аудару қажет.

«Бұл мәселені мен өз бақылауыма аламын. Осы күндері мен кездестірген көптеген оқытушылар, тіпті ең қиын 90-шы жылдары да өз мамандықтарын тастамады. Олардың арқасында мәдениет пен өнерде ұрпақ алшақтығы болған жоқ», деп атап өтті ведомство басшысы.