Елорда • 16 Ақпан, 2022

Елордада тағы бір Оқушылар сарайының құрылысы басталды

228 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елорда әкімі Алтай Көлгінов өзінің Instagram парақшасында қаланың сол жағалауында Оқушылар сарайының құрылысы басталғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Елордада тағы бір Оқушылар сарайының құрылысы басталды

«Бұған дейін «Номад», «Сармат», «Инфинити» және т.б. тұрғын үй кешендерінің тұрғындары сол жағалауда Оқушылар сарайын, жаңа мектеп пен скверді салу мәселелері бойынша өтініш білдірген болатын. Мәселен, Тұран даңғылы бойынша жеке инвестицияларды тарту есебінен Оқушылар сарайының құрылысы басталды», деп жазды қала әкімі.

Қазіргі уақытта алаңды бөлшектеу және тегістеу жұмыстары жүргізілуде. Оқушылар сарайының жалпы ауданы шамамен 5 мың м2 құрайды. Кешенде бассейн, робототехника және IT-бағдарламалау кабинеттерін, хореография, спорттық-бал билері, гимнастика, шахмат және т.б. залдары ашу жоспарлануда, екінші оқушылар сарайы сол жағалауда қалалықтардың өтініші бойынша таңдап алынды, өйткені бірінші оқушылар сарайы оң жағалауда орналасқан.

«Бірнеше ТК тұрғындары көтерген екінші мәселе-мектеп құрылысы. Қабанбай батыр даңғылы мен Сығанақ көшесінің қиылысы ауданында «Поколение» ТК ауданында 2400 орындық мектеп саламыз. Сонымен қатар, оқушы орындарының тапшылығын қысқарту мақсатында № 59 мектеп аумағында (Сауран көшесі, 5/1) 1200 орындық тағы бір корпус саламыз. Наурыз айының соңына дейін жобалық-сметалық құжаттаманың мемлекеттік сараптамадан шығуын күтіп, сәуірде мектеп құрылысына конкурс жариялаймыз. Биылғы жылы оқу орнының құрылысына қаражат қарастырылды», деп жазды Алтай Көлгінов.