Кәсіпқой бокс • 16 Ақпан, 2022

Менеджер Джошуа мен Усик арасындағы екінші кездесу қашан өтетінін айтты

283 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

WBA, WBO, IBF және IBO тұжырымдары бойынша аса ауыр салмақ дәрежесіндегі әлем чемпионы, украиналық боксшы Александр Усиктің менеджері Эгис Климас Усик пен Джошуа арасындағы қарымта жекпе-жек қашан өтетінін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Менеджер Джошуа мен Усик арасындағы екінші кездесу қашан өтетінін айтты

«Біз екі боксшы арасындағы қарымта кездесуді ұйымдастыру мәселесімен айналысып жатырмыз. Алайда әзірге келісімшарт жасалған жоқ. Бірінші кезекте Тайсон Фьюриге қарсы шайқас өткізуге тырыстық. Алайда сәті түспегенін білесіздер. Ал Усик-Джошуа арасындағы қарымта кездесу әуелде 25 сәуірге жоспарланғаны мәлім. Әйткенмен қазіргі кезде 25 маусымды таңдауға жақын қалдық», деді менеджер.