Президент • 16 Ақпан, 2022

Президент БАӘ-нің Қазақстандағы елшісін қабылдады

364 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Араб Әмірліктерінің Қазақстандағы елшісі Мұхаммед Саид Мұхаммед Әл-Арикиді қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Президент БАӘ-нің Қазақстандағы елшісін қабылдады

Кездесу барысында Қазақстан мен Әмірліктер арасындағы стратегиялық серіктестіктің даму перспективалары талқыланып, маңызды салалардағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты жандандыруға баса мән берілді. 

Мемлекет басшысы екі ел арасындағы достық пен өзара тиімді қарым-қатынастарды дәстүрлі түрде одан әрі нығайтуға ниетті екенін айтты.

Біріккен Араб Әмірліктерінің елшісі кездесуге мүмкіндік бергені үшін Қазақстан Президентіне ризашылығын білдіріп, өз елінің екіжақты ынтымақтастықты кеңейтуге және бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға дайын екенін жеткізді.