Үлкен жазушы Мұхтар Әуезов «Жетісу ақындарының алтын діңгегі» деп баға берген Сүйінбай Аронұлының бейнесі тәуелсіздіктің алғашқы жылдары төл валютамыз «үш теңге» арқылы көпшілікке таныс болды. Ақынның бұл фотосы өзі дүниеден өткен соң жетпіс жылдан кейін салынса, оны бейнелеген адам қазақ сурет өнерінің майталманы Әбілхан Қастеев екен.

Атақты суретші Әбілхан аға өзінің естеліктерінде: «Бұған дейін Амангелді батырдың портретін салу барысында өмірден түйгенім – дүниеден өтіп кеткен тарихи тұлғаларды дәл бейнелеуге, оның шынайы бітімін жасап шығаруға болатынын түсіндім. Осы үрдісті әрі қарай дамыта түсу үшін тағы бірнеше тарихи тұлғаларды тірілтсем деген талпыныс пайда болды. Сондағы таңдап алғаным – Сүйінбай ақын болды», дейді.
Ол кезде ақынның өмірден өткеніне көп жыл болғаны былай тұрсын, ол кісіні көзі көрген адамдардың өзі жоқтың қасы еді. Ойлаған ісін тиянақтау үшін Әбілхан аға 1971 жылдың көктемі қылтиып, көбік қардың бауырын тесіп қызғалдақ бүр жарған, тау бөктеріндегі алма ағаштарының сағағы жіпсіген, тамырына жылы рай жүгірген шуақты күндердің бірінде Сүйінбай ақынның ауылына қарай аттың басын бұрады.
Қолындағы бір жапырақ қатты қағазға жазылған: «Сүйінбай ақын 1822 жылы қазіргі Алматы облысы, Жамбыл ауданының жері Майтөбе жайлауында туған» дегеннен басқа іліп алар дерек жоқ. Жолай бұл кісі атақты ақын Жамбыл Жабаевтың пір тұтқан ұстазы екенін біледі. Жәкең жарықтық: «Менің пірім Сүйінбай, сөз сөйлемен сиынбай», деген ғой. Шәкірті Жамбыл жойқын ақын болғанына қарағанда Сүйінбай тегін адам емес...
Осылай ойсоқты болып жоқ іздеген Әбілхан Қастеев Мичурин ауылында тұратын 88 жастағы қария Мырзабай Сатаевтың үйіне келеді. Дәл осы жерде Әбекеңді тәңір жарылқайды. Мырзабай ақсақал Сүйінбай ақынды көзімен көрген адам екен. Қария: «Сүйінбай кеудесіне түскен салалы ақ сақалды, қыран қабақ, қыр мұрынды, адамға тіке қарағанда жанары өткір, ақ түскен қасы қалың, кең маңдайлы, бойы сұңғақ еді» деп суреттеп береді («Лениншіл жас» газеті, 1972 жыл, мақала авторы – С.Дәуітұлы). Осы сөз суретшінің жүрегіне жатталып қалады да, дереу шеберханасына келіп, өзі естіген жоғарыдағы сөз-сурет бойынша арынды ақынның штрих бейнесін таңбалауға отырады. Ғажап, қолына қарындаш ұстап ақ қағазға ақынның сұлбасын түсіре бастаса болды, тұла бойы қалтырап дірілдейді. Тіпті дегбірі кетіп, көңіл түкпірінде бір үрей пайда болады («Әбілхан аға», Алматы, 2004 жыл, 88-бет).
Бұндай – әрбір шығармашылық адамының өмірінде сирек болса да кездесетін құбылыс, яғни үлкен істің алдындағы кезекті толқу немесе суретшінің ішкі дүниесіндегі дайындық пен қағаз бетіндегі бейне сәйкес келмей содан пайда болатын дағдарыс шығар.
Сөйтіп, Ә.Қастеев суретті салмай тұрып алдымен Сүйінбай ақынның шығармасымен толық танысып шығуды жөн санайды. Әлбетте, Сүйінбай қатардағы қалың ақынның бірі емес екен. Жырларында ерлік рух ұрандап тұр. Бұл рух қалайда ақынның портретінен көрінуі керек. Сүйекең:
«Бөрі басы – ұраным,
Бөрілі менің байрағым,
Бөрілі байрақ көтерсе,
Қозып кетер қайдағым»,
– депті. Онымен қоймай қырғыз ақыны Қатағанмен айтысқанда:
«Алмас құрыш қылышпын,
Алтыннан соққан сабымды,
Наркескенге жолықтың,
Шашармын судай қаныңды...»
дейді. Сұмдық емес пе?! Енді осыдан кейін Сүйінбай бейнесін рух құшағына бөлеу керек. Одан ақынның, соның ішінде дала даналығы сіңген қазақ ақынының бейнесін ұрпақ көретін болсын. Мақсат осы.
* * *
Ақынның суретін салып жүрген тұста Әбілхан аға Жамбыл ауданында Сүйінбайдың Малыбай деген баласынан туған Үкіжан атты немере қызы бар дегенді естиді. Үкіжан апа сол кездің өзінде 87 жасқа аяқ басқан «төрінен көрі жуық» жан екен. Суретшінің жұмысына ризашылық білдіріп, атасы туралы білгенін айтып береді:
– Атамыз өте балажан адам еді. Ұзын ақ сақалы болды. Біз алдына отырып алып сақалын тарап ойнайтынбыз. Аяғына оратылған ақ шапанын желбегей жамылып, ақ сақалы желбіреп келе жататын. Кейде өзімен-өзі болып Қоңыртөбенің басында домбыра шертіп отыратын. Бірде маған: «Қарағым, Үкіжан, сұйық затта қалып жоқ. Мысалы, қымызды тостағанға құйсаң дөңгелеп шыға келеді, төрт бұрыш ағаш аяққа құйсаң, төрт бұрыш бола салады. Лайым, осындай өзінің бет-бейнесі жоқ сұйық болғаннан сақ болғайсың!» деген еді дейді.
Үкіжан ападан «Атаңыз Сүйінбайға кімнің бет әлпеті дөп келеді?» деп сұрағанда: «Мынадан аумайды» деп, өзінің баласы Тоғызбайды көрсетіпті. Содан Әбекең Тоғызбайдан тартып көптеген адамның суретін салып шығады. Амангелді батырдың портретін салған тәжірибесіне сүйеніп жеке адамдардың бет мүшелерінен детальдар құрастырады, әртүрлі жүздеген этюд жинайды. Ақыры бір жылдың ішінде Сүйінбай Аронұлының суретін салып шығады. Соңғы нүктесі қойылып, бояуы кеппеген портретті көрген ақынның қызы Үкіжан Сыпатаева: «Сүйінбайдың кескін-келбетіне дәл келеді. Мен осы бейнені Сүйінбай деп танимын», деп жылап жіберіпті.
* * *
Ақын салған суретті бейнелеп айтсақ: сүттей ақ сақалды, екі иығына екі кісі мінгендей еңселі. Қабағы биік, ой тұнған қоңыр көзді. Маңдайы жазық, жүзінде даналық тұнған, қыр мұрынды. Желбегей жамылған ақ шапанының алды ашық, келбетінен қылаудай пенделік ізі байқалмайды, тек дала ақындарына тән асқақ рухтың табы есіп тұр. Күллі тіршілік атаулыға бүгежектемей тура қарайтын сияқты. Өмірде болып жатқан зорлық-зомбылық, дүниеауи талас-тартыс еліктірмейтін жаны таза асқақ ақынның образын аңғарасыз.
Одан кейін Әбекең суретті алып, Сүйінбай ақынды көзі көрген жоғарыдағы Мырзабай ақсақалға келеді. Суретті көрген Мырзакең ұз-а-қ қарап тұрып-тұрып: «Армысың, Сүйекем!» деп тізерлеп отыра кетіп сәлем беріпті. «Менің бала кезімде Сүйекеңді әкем жарықтық қонақ етіп еді, енді мен қонақ етейін!» деп көрші-қолаң, ақсақал-көксақалдарды шақырып той жасапты. Қонақ шақыруға аттанған бозбалаларға «Сүйінбай ақын келді!» деп айтыңдар деп тапсырыпты. Міне, Сүйінбай ақын бейнесі осылай дүниеге келген.
Бұл бейнені қалай салғаны жайында Әбілхан Қастеев 1972 жылдың 23 маусымында «Қазақ әдебиеті» газетінде жарық көрген «Сүйінбайдың суреті» атты мақаласында: «Алатаудай ақиық ақынның сурет бейнесін жасап шығуға жылдан астам уақыт жұмсап, ең әуелі, ақынның өмірі мен шығармашылығына қатысты деректердің бәрімен түгелдей дерлік таныстым. Сөйтіп, бұдан жетпіс жыл бұрын өмір сүрген атақты адамның қас-қабағы, маңдайы, көзі, мұрын бітісі, ерін, жақ, иек, тағы басқа анатомиялық кескіндері қандай еді деген сұрақтарға жеке-жеке анкеталық анықтамалар жинадым. Соның нәтижесінде ақының портреттік бейнесі өмірге келді», депті.
Нұр-Сұлтанда бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді
Елорда • Бүгін, 16:52
Екібастұз қаласының әкімі тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 16:42
Министрлік жол сапасына қатысты сынға жауап берді
Аймақтар • Бүгін, 16:33
Мал дәрігерлерінің жалақысы өседі
Қазақстан • Бүгін, 16:27
Экономика • Бүгін, 16:15
Арнайы ХҚКО қызметкерінің ұсталуына қатысты түсініктеме берді
Қоғам • Бүгін, 16:04
Автожолдарды қысқы маусымға дайындау жұмыстары пысықталды
Қазақстан • Бүгін, 15:57
Испанияда орман өртін сөндіруге 25 тікұшақ жұмылдырылды
Әлем • Бүгін, 15:41
«Қазақконцерттің» Абай облысына гастрольдік сапары аяқталды
Өнер • Бүгін, 15:33
Қазақстанда электр энергиясының тапшылығы болуы мүмкін
Қазақстан • Бүгін, 15:25
АҚШ-та 30 оқушы отырған мектеп автобусы үйге соғылды
Оқиға • Бүгін, 15:17
Жылу беру маусымына дайындық жүріп жатыр
Қоғам • Бүгін, 15:06
Бүгін «Барыс» «Автомобилист» командасымен кездеседі
Хоккей • Бүгін, 14:55
Қазақстанда 89 мыңнан астам студент жатақханаға мұқтаж
Білім • Бүгін, 14:47
Докторанттар 195 мың теңге шәкіртақы алады
Білім • Бүгін, 14:42
Елордада аулада жүрген баланы көлік қағып кетті
Оқиға • Бүгін, 14:32
Студенттердің білімін бағалау тәсілі өзгереді
Білім • Бүгін, 14:20
Семейде екі баланы құтқарған адам суға батып кетті
Аймақтар • Бүгін, 14:13
Елордада Astana Open турнирі өтеді
Теннис • Бүгін, 14:01
Алматы қаласы мемлекеттік активтер басқармасына жаңа басшы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 13:49
Ауа райы • Бүгін, 13:33
Ғылым және жоғары білім вице-министрі тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 13:17
Асхат Аймағамбетов баласының мектеп формасына қанша жұмсайды?
Қоғам • Бүгін, 13:02
Ұлттық қорға 3,4 трлн теңге түсті
Қаржы • Бүгін, 12:54
Қазақстандықтар жарты жылда 44,4 трлн теңгеге онлайн төлем жасаған
Қаржы • Бүгін, 12:44
Елімізде жылдық инфляция 15%-ға дейін өсті
Экономика • Бүгін, 12:33
Пәкістанда болған жол апатынан 20 адам қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 12:13
Елімізде 500-ге жуық шетелдік көлік заңсыз тіркелген
ANTIKOR • Бүгін, 11:57
Әлихан Смайылов дизель отынына қатысты мәселені шешуді тапсырды
Үкімет • Бүгін, 11:43
Үкімет басшысы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына баға берді
Үкімет • Бүгін, 11:36
Абай атындағы мемлекеттік сыйлықтың келесі кезеңіне өткен үміткерлер анықталды
Әдебиет • Бүгін, 11:23
Елордада тағы 7 автобустың бағыты өзгерді
Елорда • Бүгін, 11:15
Болат Ақшолақов дизель отынының лимиттерін атады
Қоғам • Бүгін, 11:07
Елордада мұқтаж азаматтар үйіне газ қосу үшін әлеуметтік көмек ала алады
Елорда • Бүгін, 10:55
Биыл 7,7 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді
Қоғам • Бүгін, 10:47
Елордадағы мешітте ұрлық жасаған өзбекстандық ұсталды
Елорда • Бүгін, 10:39
Қазақстандық спортшылар Ислам ойындарында тағы 2 жүлде алды
Спорт • Бүгін, 10:30
Шымкентте 1 жасар бала тоққа түсіп қалды
Оқиға • Бүгін, 10:13
Армениядағы жарылыстан қаза тапқандар саны 11-ге жетті
Әлем • Бүгін, 10:08
Алматыдан 125 шақырым жерде жер сілкінді
Аймақтар • Бүгін, 10:00
Ұқсас жаңалықтар