Футбол • 17 Ақпан, 2022

Аптаның «үздік ойыншысы» атағына үміткерлер іріктелді

477 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Чемпиондар лигасының 1/8 финалының бірінші кездесулері аяқталғаннан кейін аптаның «үздік ойыншысы» атағына үміткерлердің есімдері белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аптаның «үздік ойыншысы» атағына үміткерлер іріктелді

Үміткерлердің қатарында ұлыбританиялық «Ливерпуль» футбол клубының қорғаушысы Вирджил Ван Дейк бар. Ол «Интерге» қарсы кездесуде қарсылас команда футболшыларынан тоғыз мәрте допты тартып алған.

Сондай-ақ тізімде «Ред Булл Зальцбург» футбол клубының ойыншысы Мохаммед Камара, «ПСЖ» футбол клубының шабуылшысы Килиан Мбаппе, «Манчестер Сити» футбол клубының футболшысы Бернарду Силва бар.