Қазақстан • 17 Ақпан, 2022

Сенат Жоғарғы Соттың судьясын қызметінен босатты

452 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенат Жаңылсын Арқарованы Қазақстан Жоғарғы Сотының судьясы қызметінен босатты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сенат Жоғарғы Соттың судьясын қызметінен босатты

«Мемлекет басшысының Жаңылсын Баянқызы Арқарованы орнынан түсуіне байланысты Жоғарғы Сот судьясы қызметінен босату туралы ұсынысы енгізілді», деді Жоғарғы Сот Кеңесінің төрағасы Денис Шипп.

Оның айтуынша, Жаңылсын Баянқызы беделді әрі тәжірибелі судья. Судьялық жұмыс өтілі 26 жылдан асады, 9 жылдан астам уақыт бойы Жоғарғы Соттың судьясы болды. 2020 жылдың желтоқсанында Жоғары Сот Кеңесінің мүшесі атанды.

Айта кетсек, 16 ақпанда Президент Арқарованы қызметінен босатуды ұсынды.

Ол 2012 жылдың маусымынан бастап Қазақстан Жоғарғы Сотының судьясы қызметін атқарып келген.