Аймақтар • 17 Ақпан, 2022

Сервистік серіктестіктер «ҚазМұнайГаз» құрамына қайтарылмайды

244 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ереуілде тұрған «Бұрғылау» ЖШС жұмысшылары талаптары орындалмаған жағдайда серіктестікті «ҚМГ» ҰК» АҚ қатарына қайта қосуды талап еткен еді. «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Алик Айдарбаев бірқатар мұнай сервистік ұйымдарының ұлттық компания құрамына қайта өткізу мәселесі қаралмайтынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz mangystaumedia.kz-ке сілтеме жасап.

Сервистік серіктестіктер «ҚазМұнайГаз» құрамына қайтарылмайды

«Біз сервистік қызмет көрсететін серіктестіктерді «ҚМГ» құрамына енгізе алмаймыз. Серіктестіктерді мемлекет меншігіне қайта алу болмайды, керісінше, одан әрі жекешелендіру жоспарланып отыр», деді Алик Айдарбаев.

Сонымен қатар Алик Серікұлы «ӨзенМұнайГазға» сервистік қызмет көрсететін компанияларға төленетін тариф құны мен жұмысшылар жалақысын арттыру бойынша жұмыстар жасалып жатқанын айтты.

Алик Айдарбаевтың айтуынша, «ҚазМұнайГаз» ҰК» қазірдің өзінде 90 компанияның қызметін пайдаланады. Ал жалпы жұмысшы саны 20 мыңға жуықтайды екен.

«ҚазМұнайГаз» өзіне қызмет көрсететін сервистік серіктестіктердің қызметін бұдан әрі қолданатынын және тариф бағасын көтеру күн тәртібіндегі мәселе екенін атап өтті.