«Егер олар аралас жекпе-жек ережесі бойынша жекпе-жекке шықса, Фьюридің мүмкіндігі тым төмен болады. Ал бокс ережесі негізінде ұйымдастырылса, онда Нганнудың мүмкіндігі жоқ. Нганну түгілі кәсіпқой боксшылардың өзі Фьюриге соққысын дарыта алмайды. Тек Александр Усик қана Фьюриге лайықты қарсылас атана алады. Меніңше Нганну аралас жекпе-жек әлемінде қалуы керек. Алайда оның кәсіпқой бокс арқылы қомақты қаражат жасайтын мүмкіндігі болса, бас тартпағаны ләзім. Мәселен, 50-60 миллион доллар табыс тауып жатса, неге бас тартуы керек?» деді Хабиб Нурмагомедов өз ойымен бөлісіп.
Жеңіл салмақ дәрежесіндегі UFC-дің бұрынғы чемпионы Хабиб Нурмагомедов WBC тұжырымы бойынша аса ауыр салмақ дәрежесіндегі әлем чемпионы, ұлыбританиялық кәсіпқой боксшы Тайсон Фьюри мен ауыр салмақтағы UFC чемпионы Фрэнсис Нганну арасындағы өтуі мүмкін жекпе-жекке қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz championat.com-ға сілтеме жасап.
Жаңа тариф жергілікті халыққа тиімді
Табиғат • Кеше
Қарағанды облысында алты жасар бала өзенге батып кеткен
Төтенше жағдай • Кеше
Анасы түрмедегі ұлына телефон кіргізбек болған
Қоғам • Кеше
Роза Рымбаева жаңа атаққа ие болды
Мәдениет • Кеше