Қоғам • 17 Ақпан, 2022

Қазақстандықтар 248,5 мың адамға көбейді

324 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлттық статистика бюросы ұсынған деректерге қарағанда 2022 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ел халқының саны 19125,6 мың адамды құрады, бір жыл ішінде халық саны 248,5 мың адамға ұлғайды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстандықтар 248,5 мың адамға көбейді

Қала халқы 11 355,8 мың (59,4%) адамды, ауыл халқы 7 769,8 мың (40,6%) адамды құрайды.

Республика халқының табиғи өсімі 2021 жылы 2020 жылмен салыстырғанда (263,0 мың адам) 1,6%-ға артып, 267,3 мың адамды құрады. Табиғи өсімнің жалпы коэффициенті 1000 тұрғынға шаққанда 13,88 адамды құрады.

АХАТ органдарының деректері бойынша 2021 жылы туылғандар саны 450,7 мың адамды құрады, бұл 2020 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 5,9%-ға артық (425,6 мың адам).

Бұл ретте қайтыс болғандардың саны 183,4 мың адамды құрады, бұл 2020 жылғы қаңтар-желтоқсанға қарағанда (162,6 мың адам) 12,8%-ға артық. Өлімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда 9,53 өлімді құрады.

Өткен жылы елімізде бір жасқа дейінгі 3763 сәбидің өлімі тіркелді. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (3315 сәбидің шетінеуі) бала өлімі 13,5%-ға артты.