Аймақтар • 17 Ақпан, 2022

Қарабалықтағы төбелес: Біреуі - қайтыс болды, екіншісі - ауруханада

322 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанай облысы Қарабалық ауданының тәртіп сақшылары ауыр қылмыс жасаған күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қарабалықтағы төбелес: Біреуі - қайтыс болды, екіншісі - ауруханада

13 ақпан күні Қарабалық полиция бөлімінің кезекші бөліміне ауыл тұрғыны екі ер адамды ұрғаны туралы хабарлама келіп түсті. Бұл туралы 20 жастағы  Қарабалық ауданының тұрғыны және оқиғаның куәгері хабарлаған.

Оқиға орнына бірінші болып жеткен патрульдік полиция қызметкерлері қашып бара жатқан қылмыскерлерді көрді.

Патрульдік полиция қызметкері қашып кеткен адамды өзеннің тұсында ұстады. Оны құрықтау кезінде тәртіп сақшылары ескерту ретінде ауаға оқ атуға мәжбүр болды. «Құқық қорғау қызметі туралы» Заңның 61-бабына сәйкес қару қолдану заңды деп танылды.

Бұрын ұрлық жасағаны үшін сотталған 23 жастағы ауыл тұрғыны қамауға алынды. Төбелестен зардап шеккен ер адамдар ауруханаға жеткізілді. Кейіннен олардың бірі, 41 жастағы Қарабалық ауданының тұрғыны облыстық ауруханада алған жарақаттарынан қайтыс болды.

Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық Кодексiнің 106-бабына сай «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру» заңы бойынша тергеу басталды.

Жедел-тергеу тобы оқиға орнына тексеру жүргізіп, қылмысты көрген адамдардан жауап алды. Төбелес ауыл тұрғындары арасындағы жанжалдан туындаған. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде барлық қажетті іс-шаралар жүргізіліп, сараптамалар жасалды.

Аяна Тоғанбек

Еуразия ұлттық университеті, журналистика және саясаттану факультетінің,

баспа ісі мамандығының 4-курс студенті