
Ресейлік спортшы әуелде Бенейл Дариушке қарсы октагонға шығуға тиіс болған. Алайда Бенейл Дариуш жарақат алуына байланысты жекпе-жектен бас тартты. Енді 26 ақпан күні ресейлік аралас жекпе-жек шебері Бобби Гринмен кездеседі. Ислам Махачев соңғы жекпе-жегін өткен жылдың қазан айында Дэн Хукерге қарсы өткізіп, қарсыласын уақытынан бұрын жеңген болатын.