Аймақтар • 17 Ақпан, 2022

Алматыдағы көшелерді ұзартуға Ұлттық қордан 8 млрд теңге бөлінді

294 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда бірнеше көшені Үлкен Алматы айналма жолына дейін ұзарту үшін Ұлттық қордан 8 млрд теңге бөлінді. Бұл туралы Алматы облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқарма басшысының орынбасары Серік Самұратов мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

Алматыдағы көшелерді ұзартуға Ұлттық қордан 8 млрд теңге бөлінді

Оның айтуынша, қазір Алматыдағы Саин, Солтүстік айналма, Рысқұлов және Абай көшелерінің құрылыс-монтаждау жұмыстары басталған.

«Биыл бұл мақсаттарға Ұлттық қордан 8 миллиард теңге бөлінді. Саин көшесіне – 2,7 млрд теңге, Рысқұлов – 2 млрд теңге, Абай – 2 млрд теңге, Солтүстік айалма жол – 1,3 млрд теңге», деді Серік Самұратов.

Бұған дейін Алматы әкімдігі Н.Тілендиев көшесін 9 шақырымға, ал солтүстік жарты айналма жолды 1,2 шақырымға ұзарту жоспарланғанын айтқан болатын.

Жалпы 2030 жылға дейін Алматыда 38 көше ұзаратылады.