26 Наурыз, 2014

Kcell компаниясы бюджетке 16 млрд. теңге айыппұл төлейді

325 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

0_kcell_samal_towers

Ксеll акционерлік қоғамына 16 млрд. теңге көлемінде айыппұл салынды. Ол Бәсекелестікті қорғау агенттігінің жүргізген тексерістері нәтижесінде анықталды. Бұл туралы BNews.kz хабарлады. «Тергеу нәтижелері бойынша белгілі болғандай, Қоғам нарықтағы өзінің үстемдігін пайдалана отырып, Activ брендімен ұсынылатын «Күндізгі лимитсіз» тарифтік жоспары бойынша тұтынушыларға қызмет көрсетпей-ақ абоненттік төлемді шешіп алып отырған, сондай-ақ ұялы байланыс қызметін ұсыну ережелерін бұза отырып Kcell брендіндегі абоненттің балансы 0-ге теңелгенде байланыс (радиотелефон арқылы сөйлесу, интернет желісіне қосылу) қызметін тоқтатпаған», - делінген хабарламада. Агенттік ақпарына қарағанда, Алматы қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының 2014 жылғы 7 наурыздағы шешімімен қоғам «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Кодексінің 147-бабы 3-тармағында қарастырылған заң бұзушылықты жасағаны үшін айыпты деп танылып, оған 16 млрд. теңге айыппұл салынды. Мұрат Айтқожа. Дереккөз: BNews.kz.