Президент • 17 Ақпан, 2022

«Өзгерістер олардың мүдделеріне тиімді емес еді» – Президент билікке қарсы шыққандар туралы айтты

674 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қаңтар оқиғасының себеп-салдары мен алдағы уақытта елімізде жүзеге асырылатын саяси және әлеуметтік реформаларға қатысты сұхбат берді, деп хабарлайды Egemen.kz. Мемлекет басшысының маңызды сұхбаты «QAZAQSTAN» ұлттық телеарнасынан көрсетілді. 

«Өзгерістер олардың мүдделеріне тиімді емес еді» – Президент билікке қарсы шыққандар туралы айтты

Мемлекет басшысы қаңтар оқиғасындағы қарақшы, лаңкестердің Алматыға сырттан келгенін, олардың мақсаты кісі өлтіру, қорқыту, дүкендерді тонау, әйелдерді зорлау, ақыр соңында билікті құлату болғанын баса айтты. Сондай-ақ ол қарақшылардың билікке неге қарсы шыққанын да айтып өтті.

– Мәселе мынада: төңкерісшілер елімізде қолға алынған реформаларға кедергі келтіруге тырысты. Тіпті Президентке де қарсы болды. Өзгерістер олардың мүдделеріне тиімді емес еді. Өйткені, реформалардың басты мақсаты – әділетті қоғам орнату, монополияларды жою, саяси трансформация жасау, еліміздің экономикалық дамуын жеделдету. Халық та осыны талап етіп отыр. Сондықтан, бағытымызды өзгертпейміз, реформалар міндетті түрде өз жалғасын табады, деді Президент.