Президент • 17 Ақпан, 2022

Президент: «Егемен Қазақстан» газетін үзбей оқимын

2870 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Qazaqstan» ұлттық арнасына берген сұхбатында қандай ақпарат көздерін пайдаланатынын айтты, деп жазады Egemen.kz.

Президент: «Егемен Қазақстан» газетін үзбей оқимын

Мемлекет басшысы мерзімді баспасөзді үзбей қарайтынын, ол бұрыннан қалыптастырған дағдысы екенін айтты.

«Егемен Қазақстан», «Айқын», «Астана ақшамы» газеттерін оқимын. «Ана тілі», «Қазақ әдебиеті», «Жас қазақ», «Түркістан» газеттерін де міндетті түрде оқып тұрамын. Жалпы, мен көп оқитын адаммын. Жақсы мақала немесе сұхбат көрсем, астын сызып оқуға тырысамын. Өзекті мәселе байқасам, оған қатысты нақты тапсырма беремін. Әлеуметтік желідегі өткір жазбаларды да үнемі шолып отырамын. Ал, теледидардан жаңалықтар мен сараптамалық бағдарламаларды көремін», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.