Қаржы • 18 Ақпан, 2022

Кредиттік және сақтандыру есептерін онлайн алуға болады

324 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Мемлекеттік кредиттік бюро» АҚ сайтта жеке және заңды тұлғалар үшін кредиттік есептерді, сондай-ақ Көлік құралдары ие­лерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақ­тандыру (КҚИ АҚЖ МС) сыныбы бойынша сақтандыру есеп­терін онлайн режімінде алу мүмкіндігі жасалғанын хабарлайды.

Кредиттік және сақтандыру есептерін онлайн алуға болады

Сайтқа ЭЦҚ көмегімен кірген жағдайда цифрлы форматтағы жеке тұлғаларға арналған дербес кредиттік есептер мен сақ­тандыру есептерін кез келген элек­трондық құрылғыдан тегін алуға болады.

Кредиттік есеп соңғы ақпа­ратты (қарыз алушының өзі туралы деректер мен әрбір кредит бойынша толық ақпарат – кредиттің жалпы сомасы, несие берешегінің қалдығы, кредит­тің мақсаты, кредит туралы мә­ліметтер берген қаржы ұйы­мын көрсете отырып, кредит бо­йынша кепіл туралы ақпарат) алған күні 5 жылдан кем болатын қарыз алушының міндет­те­мелері туралы Кредиттік тарих­тың дерекқорынан алынған ақпа­ратты қамтиды.

Сақтандыру есептері тұлғаны сақтандыру тарихы (сақтандыру ұйымдарының атауын, полистің қолданылу кезеңін, сондай-ақ сақ­тандыру жағдайларын, сақ­тандыру сыныптарын қоса ал­ғанда, жасалған КҚИ АҚЖ МС сақ­тандыру полистері) бойынша Бірыңғай сақтандыру дерек­қо­рынан алынған ақпаратты қам­тиды.

Заңды тұлғалар үшін кор­поративтік кредиттік есептер күнтізбелік бір жыл ішінде бір рет тегін қолжетімді, қайта және одан кейінгі сұратулар кезінде 400,00 теңге мөлшерінде (ҚҚС қосқанда) төлем алынады.

Кредиттік тарихты немесе сақ­тандыру деректерін дұрыс көр­сету мәселелері бойынша Шарт жа­сасқан қаржы инсти­тутына немесе сақтандыру ұйы­мына хабарласқан абзал.