Аймақтар • 18 Ақпан, 2022

МӘМС: Алматылықтардың қанша пайызы сақтандырылған?

451 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясында Алматы қаласы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры филиалының директоры Тілеухан Әбілдаев 2022 жылдың басы мен өткен жылғы МӘМС жүйесіндегі жағдай туралы баяндады, деп хабарлайды Egemen.kz.

МӘМС: Алматылықтардың қанша пайызы сақтандырылған?

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында 2022 жылы 187 медициналық ұйыммен (оның 80-і мемлекеттік) жалпы сомасы 213,2 млрд теңгеге шарт жасалғаны белгілі болды. Оның ішінде: тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) шеңберінде 117,7 млрд теңге және МӘМС жүйесінде – 95,4 млрд теңге. Биыл барлығы 12 медициналық ұйым қосылды.

Тілеухан Әбілдаев атап өткендей, Ұлттық экономика министрлігінің деректеріне сілтеме жасай отырып, Алматы қаласының 2 024 989 тұрғынының ішінде сақтандырылған халықтың саны (2022 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша) 81,1%-ды құрады. Сақтандырылмағандардың саны 382 940 адамды немесе 18,9%.

Спикер сақтандырылған тұрғындарға МӘМС әлеуетінің арқасында  барлық жоспарлы, қымбат консультациялық-диагностикалық қызметтердің  қолжетімді екенін еске салды.

Т. Әбілдаев 2021 жылғы жұмыс нәтижелері туралы да айта келе, өткен жылы медициналық сақтандыру қорынан сақтандырылған алматылықтардың медициналық көмегін төлеуге шамамен 93 млрд теңге жұмсалғанын жеткізді.

«Барлық жоспарлы медициналық көмек МӘМС жүйесі есебінен өтеледі. Өткен жылы шығындардың басым бөлігі стационарлық медициналық көмекті төлеуге жұмсалды – 48,6 млрд теңгеден астам, тағы 3,9 млрд теңге күндізгі стационар қызметтерін төлеуге бағытталды», деді Т. Әбілдаев.

ӘМСҚ Алматы филиалының директоры 2021 жылдың қорытындысы бойынша жүргізілген қымбат тұратын талдаулар, диагностика және операциялар саны айтарлықтай өскенін, МӘМС енгізілгенге дейін халықтың оларға қолжеткізе алмағанын, енді медициналық сақтандыру есебінен қолжетімді екенін айтты.

Мәселен, өткен жылы консультациялық-диагностикалық көмек көрсеткені үшін медициналық ұйымдарға 14,5 млрд теңге төленді. Олардың ішінде ең көп сұранысқа ие КТ және МРТ. Жыл ішінде Алматы қаласы бойынша 848,1 млн теңгеге КТ-ның 70 мыңнан астам қызметі, шамамен 681,8 млн теңгеге МРТ-ның 50 мыңнан астам қызметі және 1,5 млрд теңгеден астам сомаға позитронды-эмиссиялық томографияның 6 мыңнан астам қызметі көрсетілді.

МӘМС жүйесінде көрсетілген қызметтер арасында оңалту жеке маңызға ие. Оңалту көмегіне 6,2 млрд теңге бағытталды, оның ішінде постковидті оңалтуға 222,4 млн теңге.