Күрес • 18 Ақпан, 2022

Grand Slam турнирі: Бүгін жарыс жолына кімдер шығады?

333 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Тель-Авивте дзюдодан әлемдік Grand Slam турнирінің екінші жарыс күні өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Grand Slam турнирі: Бүгін жарыс жолына кімдер шығады?

Жарыстың екінші күнінде әйелдер 63, 70, ал ерлер 73 және 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өзара мықтыны анықтайды.

Қазақстан сапынан бүгін жарыс жолына шығатын балуандар келесідей:

Ерлер:

Жансай Смағұлов (73 кг)
Данияр Шамшаев (73 кг)
Абылайхан Жұбаназар (81 кг)
Бекәділ Шаймерденов (81 кг)

Әйелдер:

Мөлдір Нарынова (63 кг)
Самалай Ерғалиева (63 кг)
Зере Бектасқызы (70 кг)

Жарыс елорда уақытымен сағат 15:00-де басталады.